{metadescription}
Келіншек күйеуімен ажырасып, қайын атасымен бас қосты

Келіншек күйеуімен ажырасып, қайын атасымен бас қосты

АҚШ-тың Харродсберг қаласының тұрғыны күйеуімен ажырасып, оның әкесіне тұрмысқа шықты.

Эрика Квиггл есімді келіншектің сөзінше, ол 19 жасында құрбысының 27 жастағы Джастин есімді ағасына үйленген. Екі жылдан соң ерлі-зайыптылар балалы болыпты, бірақ кейіннен олардың арақатынасы күрт суып кеткен. Эрика өзін қыдырымпаз, мансап қуған әйел екенін, ал күйеуі керісінше үйден шықпайтынын айтады. Бұған қоса, америкалық әйел қайын атасы Джефф ұйымдастыратын сауық кештеріне баруды ұнататынын жеткізді. Осындай кездесулерде ол отбасылық мәселелерін күйеуінің әкесіне айтып жиі шағымдануды әдетке айналдырыпты. 

Ең ақыры ол қайын атасын ұнатып қалғанын түсініп, күйеуімен ажырасуға бел буады. Оның жұбайы әкесі мен әйелінің қарым-қатынасына қарсы болмапты.  Қазірде Эриканың айтуынша, Джефф екеуі заңды некеге тұрған, бір қыз тәрбиелеп отыр. Бұрынғы жолдасымен байланысын да үзбепті. Сонымен қатар, ол күйеуімен заңды түрде ажырасқаннан кейін бір-ақ қайын атасымен кездесе бастағанын тілге тиек етті. Екеуі енді бас қосқан кезде Эриканың жасы 29-да, ал Джефф 58-де болыпты. 

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде