{metadescription}
Метро көпірі пойызбен бірге құлап, 13 адам қаза тапты

Метро көпірі пойызбен бірге құлап, 13 адам қаза тапты

Мексика астанасында метро көпірі құлап, салдарынан 13 адам қаза тапты, 70-ке жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Бұған дейін Universal басылымы төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасай отырып, алты адамның қаза тапқаны және 80 адамның жараланғаны туралы хабарлады. Мексика астанасының мэрі Клаудия Шейнбаум өз кезегінде метро көпірі пойызбен бірге құлағанын айтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, төтенше оқиға Мехико қаласының оңтүстік-шығысындағы Оливос және Тесонко станциялары маңында болған.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.