{metadescription}
Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болған. «УАЗ» бен «Lada Largus» көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 18 және 30 жастағы 2 ер адам көз жұмған.

Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.