{metadescription}
Есік қаласында перзентхана маңынан адам сүйектері табылды

Есік қаласында перзентхана маңынан адам сүйектері табылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды.

Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіге тарады. Бейнежазба авторы Есік қаласындағы перзентхана маңынан адамның сүйектері табылғанын айтады. Видеодан адамның бас сүйегін көруге болады.

«Бәлкім бұл жерде қорған болған шығар», - деп пікір білдіреді видео авторы.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді», - деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде