{metadescription}
Қостанайлық жасөспірім әкесінің қаруымен қос бойжеткенді атып салды

Қостанайлық жасөспірім әкесінің қаруымен қос бойжеткенді атып салды

Тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты үйінен алып шыққан 15 жастағы жасөспірімді анықтады.

3 мамырда Арқалық қаласының полиция бөліміне 17 және 25 жастағы қос бойжеткен қолы мен аяғынан жарақат алып ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Алғашқы тергеу нәтижесі бойынша қыздар Маясов көшесімен өтіп бара жатып атылған қару дыбысын естіген, содан кейін олар жарақат алғанын түсінген. Қыздар ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 107-бабы ("денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапта кінәліге айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", - делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнынан пневматикалық қарудың оғына ұқсас затты тапты. Сондықтан да тиісті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты үйінен алып шыққан 15 жастағы жасөспірімді анықтағаны белгілі болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде