{metadescription}
Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды

Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды

Мексикада метрополитендегі апатқа қатысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Ондағы апаттан көптеген адам қаза тапқан. Президент Андрес Мануэль Лопес Обрадордың тиісті Жарлығы сейсенбі күні кешке ел үкіметінің ресми басылымы Diario Oficial de la Federacion-да жарияланды.

«3 мамырда Мехико метрополитенінің 12-ші жолындағы қайғылы жағдайға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды», - делінген құжатта.

Мехиконың оңтүстігіндегі «Оливос» станциясының маңындағы метро бекеті дүйсенбі күні кешке қарай артынан келе жатқан құраммен бірге құлады. Салдарынан шамамен 10 м биіктіктен екі вагон құлаған. Деректер бойынша, 24 адам көз жұмды. 79-тен астам адам түрлі жарақат алды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.