{metadescription}
Батыс Қазақстанда бір аптада мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстанда бір аптада мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада 932 адам коронавирус жұқтырды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте 129 адамнан індет табылды. Облыста пневмонияға шалдыққан 430 адам стационарларда емделуде. Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 19, оттегі концентраторына 23, орталықтандырылған оттегі көзіне 139 науқас қосылған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өңірде 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 570 адам ем қабылдауда. Соның ішінде 40-ы 65 төсектік жансақтау бөлімшесінде жатыр. Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 11 адам ем алуда.

Өткен жылдың қыркүйегінен бері 1014, соның ішінде биыл 809 баладан коронавирус табылды. Індет басталғаннан бері облыста 19809 науқас (11372-сінің ауру белгілері бар, 8437-сінің симптомы жоқ) тіркелсе, соның 15506-сы жазылып шықты. 289 адам көз жұмды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде