{metadescription}
25 жастағы әйел бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді

25 жастағы әйел бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді

Африканың батысындағы Мали елінде бес қыз бен төрт ұл дүниеге келді.

Анасы мен балалардың жағдайы жақсы. Африканың батысындағы Мали елінің 25 жастағы тұрғыны бірден тоғыз баланы дүниеге әкелді. Оның бесеуі – қыз, төртеуі – ұл. Республиканың денсаулық сақтау министрлігі әйел мен балалардың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

"2021 жылдың 4 мамырында Халима Сиссе кесарь тілігі арқылы жеті баланың орнына тоғыз бала дүниеге әкелді. Мали мен Мароккода өткен ультрадыбыстық зерттеуден кейін әйелдің жеті бала көтеріп жүргені айтылған еді. Жаңа туған сәбилердің жағдайы жақсы", - деп хабарлады Малидің денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында.

Ел президенті Ба Ндау да бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Ол жаңа босанған әйелді елорда ауруханасында екі апта болғаннан кейін мароккалық клиникаға ауыстыруды тапсырды. Елдің денсаулық сақтау министрі Фанта Сиби әйелді босандырып алған акушерлерді құттықтады. Ол мамандардың арқасында жүктіліктің жақсы өткенін айтты, деп жазады sputnik.

Тоғыз баланың анасы - 25 жаста. Бірнеше аптадан кейін олар Малидегі үйіне оралады. Айта кетейік, 2016 жылы Үндістан тұрғыны Мария Фернандес 42 жасында 11 бала дүниеге әкелді. Ол табиғи жолмен босанған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде