{metadescription}
ШҚО-да жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

ШҚО-да жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында мас күйде рульге отырған ер адам жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» жолында болған. Мас күйде көлік тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, сол жерден із суытқан.

 «Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы азамат аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1 - бөлігі 3-тармағына (көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзуы) және 347-бабына (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына жеткізді. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.