{metadescription}
6 мамырдан бастап елордалықтарға қытайлық вакцина егіледі

6 мамырдан бастап елордалықтарға қытайлық вакцина егіледі

6 мамырдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax деген атпен шығарылған қытайлық Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін қол жетімді болады.

Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

"Қазір әкімшіліктің қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді.  Ертеңнен бастап біз халықты осы вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз", - деді Тимур Муратов.

Ол қала тұрғындары өздері қалаған вакцинаны таңдай алатынын айтты. Оған қоса, Тимур Муратов вакцина ерікті түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

Дереккөз: Stan.kz      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.