{metadescription}
Прокуратура өкілі Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады

Прокуратура өкілі Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін қарады.

Сот отырысына қорғаушы тарап ретінде адвокаттар Серік Сағалиев, Дмитрий Куряченко, Нұрлан Бейсекеев және айыпталушы Елжан Біртановтың өзі қатысты.

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішті Бас прокуратура өкілі Төлеген Жараспаев жеткізді. Прокуратура өкілі өз сөзінде үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға – 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды, Е.Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеуді сұрады.

Экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 мамыр күні аяқталуы керек болған. Қо рғаушы тараптан сөз алған адвокаттардың іске қатысты деректерінің молдығын ескерген судья Айбек Әбу сот отырысын ертең, 6 мамырда жалғастыру туралы шешім шығарды.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былтыр маусым айында қызметінен босатылған болатын. Ал күзде экс-министр бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде