{metadescription}
«Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан «Ақтөбе» клубының бас бапкері, белоруссиялық маман Алексей Бага қызметінен кетті.

«Ақтөбе» футбол клубы мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай шешімге келген. Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында Талдықорғанда «Жетісумен» өтетін ойында бас бапкер міндетін Владимир Зеленовский атқаратын болатын. Ол бірінші лигада да осындай қызметті уақытша қолға алған еді.

Ел біріншілігінде төрт тур қатарынан жеңіліске ұшыраған ақтөбеліктер турнир кестесінде 9 ұпаймен оныншы орында келеді. Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубы белгілі қазақстандық аяқдоп шебері Юрий Логвиненкомен келісімшартқа қол қойылғанын жария етті. Осылайша Ақтөбе футболының түлегі Ю.Логвиненко өз командасына қайта оралып отыр. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 5 гол соқты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде