{metadescription}
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Тоғызыншы мамыр күні қоғамдық көліктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Алдағы төрт күн демалыста – 7 мен 10 мамыр аралығында елордада автобустар қалай жүретіні белгілі болды. Елордалық CTS көлік компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Тек 9 мамырда ғана тоқтайды.

"Нұр-Сұлтанда және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген хабарламада. ⠀

Көлік компаниясы жолаушыларға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын тағы бір мәрте ескертті. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы. Еске салсақ, биыл қазақстандықтар мамыр мерекелерінде қатарынан төрт күн – 7, 8, 9 және 10 мамырда демалады.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде