{metadescription}
Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған Qaharman1945.kz порталы іске қосылды

Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған Qaharman1945.kz порталы іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты.

Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап шығарды. Жоба атауы - «Жаужүрек полк». Жоба авторларының ішінде «Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының» Президенті, «Jaqsy Bolady» YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, танымал тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және «Ave adicus» YouTube арнасның авторы Ашірбек Әділет.

Жоба авторлары әлемдік пандемияға байланысты акцияны офлайн форматта өткізу мүмкін емес екенін ескеріп, соғыс батырларына онлайн форматта ерекше құрмет көрсетуді ұйғарды. 

«Бұл жай ғана портал емес — бұл екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған мәңгілік естелік альбомы. Біз сіздермен бірге Бостандық үшін өз өмірлерін қиған, жарқын болашағымыз үшін қан төккен аталарымыздың ерліктерін құрметтеуіміз қажет!», – деп, жоба авторларының бірі Махаббат Есен, өз парақшасында жазады.

Шараға қатысу үшін өтінішіңіз бен батырыңз жайлы ақпаратты Qaharman1945.kz сайтында қалдыру керек. 

Сонымен қатар, жоба Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жекелеген қазақстандық батырлардың жетістіктері туралы баяндайды. Батырлар құрметіне арналған онлайн шеру 9 мамыр күні, сағат 10:00-де жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында өтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.