{metadescription}
Ақсулық өрт сөндіруші қайтыс болғаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталды

Ақсулық өрт сөндіруші қайтыс болғаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталды

Орденді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин марқұмның әкесіне тапсырды, тәуелсіздік жылдарында азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қаза болды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ақсулық өрт сөндіруші Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, орденді төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Дулат Қабзолдинге тапсырды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға биыл 25 ақпанда Павлодар облысының Ақсу қаласында болды. Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап үйден шыққан өртті сөндіру кезінде көз жұмды. Тілсіз жауды сөндіру кезінде 1997 жылғы құтқарушының жағдайы нашарлаған.

Азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бастап қызмет етті. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Арыстанбектің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әкесіне көңіл айтты, деп жазады sputnik.

«Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі санамыздан ешқашан өшпейді», - деді ТЖ министрлігіндегілер.

Ведомство мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.