{metadescription}
Оралда бойжеткен көпірден секіріп кетті

Оралда бойжеткен көпірден секіріп кетті

Оқиға 5 мамырда кешкі сағат 19.00 шамасында қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен өзіне қол салғысы келген. Оқиға орнына келген құтқарушылар оны судан алып шықты. Аталған жағдайға байланысты қылмыстық кодекстің 105-бабы "өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қыз аман. Оған ми шайқалу және іштің жабық жарақат алуы диагнозы қойылды. Қыз облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.