{metadescription}
Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды.

Сот шешімін оқыған судья Айбек Әбу экс-министрдің тағы бір ай үйқамақта болатынын мәлім етті.

«Ауданаралық тергеу соты үйқамақ мерзімін 8 айға дейін – 2021жылдың 14 маусымына дейін созу керек деп санайды. Сот тергеу органының Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішін ішінара қанағаттаyдыру керек деген шешім шығарды. Е.Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеу туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды», - деді судья Айбек Әбу.

Сонымен қатар сот күдікті Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлкі немесе жақын туыстарының шетелде тұруға ықтиярхаты болуы мүмкін деген өтініштің дәлелдерін қауқарсыз деп таныды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.