{metadescription}
Диетолог мереке күндері салмақ қосып алмаудың жолын айтты

Диетолог мереке күндері салмақ қосып алмаудың жолын айтты

"Сберздорие" қызметінің диетологы Маргарита Макуха мереке күндері салмақ қосып алмадың жолын айтты.

Ең алдымен, ол мереке кезінде шамадан тыс тамақтанбау және дұрыс тамақтануға тырысу маңызды екенін атап өтті.

"Әдетте демалыста біз "зиянды" тағамның шамамен 20 пайызын ұннан пісірілген, тәттілер, майлы тағамдар арқылы қабылдаймыз. Алайда мұндай тамақтануды әдетке айналдырмаға дұрыс, демалыс аяқталған соң - тамақты мүмкіндігінше қалыпқа келтірген жөн", - деп кеңес берді Макуха.

Шамадан тыс тамақтанбау үшін су ішу режимін сақтау керек. Диетолог күніне екі литр су ішуге кеңес берді. Тамақтанар алдында бір стақан су тәбетті жақсы бақылауға көмектеседі. Макухидің айтуынша, тамақтануды көкөністерден бастаған дұрыс. Олардың құрамында талшық көп, аштық сезімін басып, артық тамақтанудың алдын алуға мүмкіндік береді. Дегенмен диетолог кейде артық тамақтанып қоятын кездер болатынын жоққа шығармайды.

"Әсіресе мереке күндері. Мұндай "бұзушылықтардан" кейін бір-екі ашығу күнін ұстап, содан кейін дұрыс тамақтану режиміне оралу керек", - деді ол.

Дереккөз: Stan.kz      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде