{metadescription}
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды

Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды

2021 жылғы Дүниежүзілік вакцина конгрессінде (World Vaccine Congress Washington 2021) америкалық Modernа компаниясының препараты коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина деп танылды.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Александр Гинцбург байқау қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости. Гинцбургтің айтуынша, сарапшыларды таңдау "экономикалық және саяси шешім" болып табылады.

"Шығарылымның құны шамамен 100 миллиард долларды құрайды. "Спутник V"-ді мойындау – осыншама қаржыны Ресей Федерациясына беру деген сөз. Ал конгресс Вашингтонда өткенін еске сала кеткен жөн", – деді Гинцбург.

Бұған дейін Moderna компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық институтының вакцинасы әлемдегі аналогтар арасында ең үздік деп танылды. Айта кетейік, вакцина Америка мен басқа да бірнеше елде шұғыл пайдалануға лицензияланған.

Moderna – бұл матрицалық РНҚ препараттарын дайындайтын америкалық биотехнологиялық компания. Ал оның АҚШ ұлттық денсаулық институтымен бірлесе жасаған дәрісі AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, "Спутник V" және жануарларға арналған Zoetis вакциналарының рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ Гинцбург Moderna вакцинасы Pfizer вакцинасымен бірдей платформада жасалатынын да атап өтті. Ғалымның айтуынша, жеңісті соңғысына беру "өте-мөте әбестік". Өйткені оның жүз мың вакцинаға шаққанда өлім деңгейінің көрсеткіші бірқатар елдер бас тартқан AstraZeneca-дан 25 есе жоғары.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.