{metadescription}
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

"Қазқұрылыссервис" компаниясының директоры ереуілге шыққан азаматтар жұмыстан босатылмайтынын мәлімдеді.

"Теңізшевройл" компаниясына қарасты "Қазқұрылыссервис" қосалқы мердігер мекемесінің қызметкерлері жалақының төмендігіне наразылық білдіру үшін ереуілге шықты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы еңбекақысына көңілі толмайтын жұмысшылармен мәселені шешуге кірісті.

"Мен әуежайға бара жатырмын. Атырауға дейін ұшақпен жетіп, одан соң Теңізге қарай бет аламын. Әзірше ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Оқиға орнында мән-жайды анықтайтын боламыз", - деді "Қазқұрылыссервис" бас директоры Сәбит Жанасов.

Бас директордың айтуынша, ереуілге шыққан азаматтар жұмыстан босатылмайды. Қазіргі кезде Теңіздегі ереуілге не себеп болғаны анықталып жатыр. Теңіз кен орны Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықта Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде