{metadescription}
Үсік жүреді: Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Үсік жүреді: Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

7 мамырда солтүстік облыстарда температура фоны 12...20 градусқа дейін төмендеп, түнде үсік жүруі мүмкін.

Демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы бұзылады, деп болжады Қазгидромет мамандары. Синоптиктердің мәліметінше, Балтық жағалауы аймақтарынан келетін кезекті циклон Қазақстан аумағы арқылы бірте-бірте жылжып, жылы және құрғақ ауа райын алмастырады.  

"Соның ықпалымен алдымен солтүстік-батыс, одан кейін елдің қалған өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Ал 9 мамырда еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа, оңтүстік және шығыс бөлігінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігіне әлі де жылы ауа массалары әсер ететіндіктен, бұл өңір айтарлықтай салқындамайды. Мәселен, күндіз ауа температурасы 22...30°С дейін жылынады, алайда солтүстік облыстарда 7 мамырда температура фоны 12...20°С дейін төмендеп, түнде үсік жүруі мүмкін.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.