{metadescription}
Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды

Өскеменде су қоймасында үш ер адам құтқарылды

Өскемендегі су қоймасында 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш ер адам құтқарылды.

6 мамырда сағат 23:39-да ШҚО ТЖД-ға Аблакетка айлағы ауданына қайықпен кеткен үш ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы жеткен. Оқиға орнына барған құтқарушылар судың бетінен аударылған резеңке қайық пен 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш зардап шеккен адамды тапты.

Сондай-ақ, ер адамдардың көмекке шақырған дауыстарын естіп, жақын жерде орналасқан «SUNRISE» резиденциясының қызметкері Эдуард Лискаускас катерімен келген, ол зардап шеккендерді «Жолбарыс-Күзет» күзет агенттігінің күзетшісі Талғат Дарубаевпен және құтқарушылармен бірлесіп жағаға шығарды. Осыдан кейін аударылған қайықты ШҚО ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға жеткізген.

Бұл жағдай қарапайым қауіпсіздік шараларының бұзылу салдарынан болған. 2 адамға арналған қайыққа шамадан тыс салмақ түсіп, соның салдарынан ол суға аударылған. Сондай-ақ ондағы үш адам құтқару күртешесін кимеген. ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.