{metadescription}
Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

Көкшетауда 16 саяжай өртеніп кетті

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтерінің учаскелерінде құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түсті.

Анықталғандай, өрт аумағы 5 гектарды құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Көкшетау техникалық иститутынан 25 курсант және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

«Өрттің салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның 6-уы «Целинник», 10-ы «Авиатор» саяжай кооперативтеріне тиесілі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан», - деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.