{metadescription}
Оралда жасөспірім бесінші қабаттaн құлап кетті

Оралда жасөспірім бесінші қабаттaн құлап кетті

Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Оқиға бүгін таңмен «Құрылысшы» шағынауданындағы 9 қабатты үйде болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің үстіне құлаған. Бұл дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді, қыз қазір ауруханада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 04.16-да шақырылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жасөспірім жабық бас-ми жарақатын алған. Іші, кеуде тұсы зақымданған. Көптеген қабырғалары, жіліншігі сынған. Мас күйінде болған қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде