{metadescription}
Илон Маск психикалық ауруға шалдыққанын мойындады

Илон Маск психикалық ауруға шалдыққанын мойындады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск NBC телеарнасында Saturday Night Live (SNL) комедиялық телебағдарламасын жүргізді.

Америкалық кәсіпкер Аспергер синдромымен ауыратынын айтты.

«Мен үшін Saturday Night Live жүргізушісі болу үлкен мәртебе. Менің бүгінгі өнер көрсетуім - тарихи оқиға, себебі мен Аспергер синдромымен ауыратын алғашқы SNL жүргізушімін. Кем дегенде, бірінші болып мойындаған», - деді ол.

Аспергер синдромы – бұл аутизм спектрінің бұзылуы және әлеуметтенудің қиындықтарымен және стереотиптік мінез-құлықпен сипатталады.

«Мен электр машиналарын құрастырып, адамдарды Марсқа ғарыш кемесімен жіберемін. Сіз осы тұрғыда шынымен мені қарапайым сабырлы жігіт деп ойладыңыз ба?», - деді Маск көрермендерге күлімсіреп.

Бағдарлама барысында кәсіпкер тұрақты SNL труппасының актерлері мен шақырылған жұлдыздар дәстүрлі түрде көрермендер алдында ойнайтын бірнеше көріністерге қатысты.

Дереккөз: baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде