{metadescription}
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі.

Ертең, 10 мамырда елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Дабылды ескерту

Нұр-Сұлтанда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде –  тұман, найзағай, дауыл, бұршақ. Желдің күші секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Петропавлда да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 метрге дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Күндіз секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан есетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында нөсер жауын, тұман, найзағай, дауыл, бұршақ болжанып отыр. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел тұрады.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде қатты жауын, найзағай, бұршақ, түнде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Жезқазғанда күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман және найзағай болжанып отыр, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Қостанайда да жел күшейеді деп күтілуде.

Түркістан облысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, жел тұрады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, бұршақ түсуі мүмкін. Секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 14-16 градус жылы.

Алматыда да күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні секундына 12 метрге дейін баруы мүмкін. Сынап бағанасы түнде 13-15 градус, күндіз 20-22 градусты көрсетеді.

Шымкентте түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде