{metadescription}
Cупермаркеттегі шабуылдан 5 адам зардап шекті

Cупермаркеттегі шабуылдан 5 адам зардап шекті

Жаңа Зеландияның Данидин қаласының орталығындағы супермаркетте белгісіз адамның пышақпен шабуыл жасауы салдарынан кем дегенде бес адам зардап шекті.

Бұл туралы дүйсенбі күні Жаңа Зеландия полициясы мәлім етті.

«Данидин орталығындағы Камберленд-стритте болған оқиға орнына полиция күштері 14:30 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:31) жетті. Алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше адам пышақталған. Бір адам қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

The New Zealand Herald басылымының дерегіне сай, белгісіз адамның пышақпен шабуыл жасауы салдарынан кем дегенде бес адам зардап шеккен, екі адам орта деңгейдегі жарақаттар алған, үш адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оқиға орнына біраз полиция күштері мен бірнеше жедел жәрдем машинасы жұмылдырылды. Супермаркет тұрған ғимарат эвакуацияланды. Полиция болған оқиға бойынша зерттеу жүргізуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде