{metadescription}
Оралда екі автокөлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

Оралда екі автокөлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін түнде Деркөл кентінде болды.

Сағат 00.40 шамасында белгісіз жүргізуші Белинский көшесі мен Окружное тас жолы қиылысында 1994 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21154» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Содан кейін белгісіз жүргізуші оқиға орнынан бой тасалағанмен, сағат 01.10 шамасында аталған автокөлік А.Тайманов пен М.Мәметова көшелерінің қиылысында тоқтатылды.

Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21154» автокөлігінде отырған төрт адам жарақат алды. Көлік иелеріне материалдық шығын да келтірілді. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, «Үміт» шағынауданына қарай жолдағы көпір маңында болған жол апатынан кейін жедел жәрдем сағат 00.48-де шақырылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам зардап шексе, біреуі – 2020 жылғы қыз бала. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін жұмсақ тіндерінің көгергені анықталып, амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Үш ересек адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. 1974 жылғы әйелдің кеуде тұсы мен иығы көгерген. Онымен құрдас ер адамның самай тұсы көгерген. 1998 жылғы әйелдің маңдай тұсы ісіп кеткен. Оны дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде