{metadescription}
Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

Атырау облысында 2 тонна балық қырылды

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 тонна қаракөз балығы қырылды.

Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті ақпарат тараттыю

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 9 мамырда рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағындағы қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Аталған аумақта қырылған шамамен 2 тонна балық жергілікті атқарушы орган және Құрманғазы балық инспекциясының қызметкерлерімен жерге көму арқылы жойылатын болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ау құралдары, тарнспорт пен жұмысшы күші тартылуда», - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Балықтардың қырылуына Шарон өзеніне өр суының кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар хабардар етілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде