{metadescription}
ШҚО-да өртінің аумағы 310 гектарға жетті

ШҚО-да өртінің аумағы 310 гектарға жетті

Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртінің жалпы аумағы 310 гектарға жетті.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығында шыққан қызыл жалынның беті қайтар емес. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне тарап кеткен.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетіп отыр», - делінген хабарламада.

Жалынды ауыздықтау үшін көмекке 2 тікұшақ келіп, 12 500 текше метр су төккен.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде