{metadescription}
Нұр-Сұлтанда балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда балаларды төбелесуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды

Төбелес салдарынан он бір жасар бала жарақат алғандықтан, оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған.

Балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде балалар алаңында ер адамның балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеп жатқан видеосы тараған болатын.

Кадрда екі бала бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ер адам оларды бір-бірімен жекпе-жекке шығуға шақырады. Тіпті, олардың бірі екіншісіне жақындап, қол сермеп жатқаны анық көрінеді. 

"Әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам балаларды ойын алаңында төбелесуге мәжбүрлеген видеосы анықталды. Осы факті бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Ол ойын алаңында 8 жасар баласы мен оны ренжіткен 11 жасар баланы төбелесуге шақырды. 

Төбелестің салдарынан 11 жасар бала жарақат алды. Жарақат алған баланың анасы полицияға арыз жазды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір жазушылардың бірі балаларды бір-біріне өшіктіру дұрыс емес десе, енді бірі ер адамның бұл әрекеті балалардың өжет болып өсуіне көмектеседі деп санайтынын білдірген. Осы жағдайға байланысты елорданың полиция департаменті арнайы түсініктеме берді.

"Соның негізінде, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді", – дейді елордалық полицейлер.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде