{metadescription}
Риддердегі алапат өрт: Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Риддердегі алапат өрт: Тоқаев шұғыл көмек көрсетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы өрт салдарын жою мен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жіті бақылауда ұстап отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддер қаласындағы алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды. Ал ол жерде күні кеше ғана тілсіз жаудың құрсауында қалған 35 тұрғын үй күлге айналған болатын.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені президент өз бақылауында ұстап отыр", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өрттің шығу себебі алдағы екі-үш күнде анықталатынын айтты.  Ал орман өрті 10 мамырда Риддердегі (Шығыс Қазақстан облысы) Лесхоз ауылының маңында басталған. Тілсіз жау тұрғын үйлерге тез тарап кетіп, 35 үй мен 9 қосымша ғимарат жанып кетті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігінің 200 адамы мен 50-ге жуық техника жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіру, құтқару жұмыстарына, тіпті тікұшақтар да жұмылдырылды. 

Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға сүйенсек, қатты желдің әсерінен өрт тез жайылып, аз уақыттың ішінде орманнан тұрғын үй секторына өткен. 1948 жылы туған әйел қайтыс болып, тағы екі адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде