{metadescription}
Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Серік Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Бұл лауазымға ол Ерлан Қожағапановтың орнына келді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Серік Құсайынов Алматының Алмалы ауданының әкімі болды.

Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы туған, Алматы облысының тумасы. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі. Мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс тәжирибесі бар. Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде