{metadescription}
Нұр-Сұлтанда Toyota Camry жүк көлігінің астына кіріп кетті

Нұр-Сұлтанда Toyota Camry жүк көлігінің астына кіріп кетті

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі көз жұмды.

Желіде жантүршігерлік апаттың фотосы мен видеосы тарады. Нұр-Сұлтанда Shacman жүк көлігі Toyota Camry автокөлігімен соқтығысты, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті. Жол апаты дүйсенбі шамамен 18:40-та болды.

Тергеу анықтағандай, Toyota Camry-дың 51 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен 40-шы стансаға қарай келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан 32 жастағы ер адам жүргізген Shacman жүк көлігімен соқтығысты.

Camry жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерден жолда сақ болуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұрады.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде