{metadescription}
Ер адам әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттаған

Ер адам әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттаған

Солтүстік Қазақстан облысында 58 жастағы ауыл тұрғыны әйелін атып өлтіріп, немересін жарақаттаған.

"10 мамырда сағат 17.15-те Тимирязев аудандық полиция бөліміне аудан орталығындағы үйлердің бірінде оқ атылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер үй ауласынан 1962 жылы туған әйелдің мәйітін тапты. Сондай-ақ, атыс қаруынан жарақат алған 2007 жылы туған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Кейіннен анықталғандай, ішімдікке сылқия тойып алған 1962 жылғы азамат пен әйелінің арасында жанжал туған, оның соңы атысқа ұласқан. Жарақат алған әйел сол мезетте көз жұмған. Бұған қоса, үйде күдіктінің немере қызы болған. Оған да оқ тиіп, ауруханаға түскен. 

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен "Кісі өлтіру" және "Адам өлтіру әрекеті" баптары бойынша іс қозғалған. Әйелін атып өлтірген азамат уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.