{metadescription}
Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 01.40-та Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды.

1963 жылғы ер адам терезеден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 02.04-те шақырылды, деп жазады ҚазАқпарат. Сол үйде тұрған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірім қыздың бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.