{metadescription}
Арыста екі жұмысшы өлім аузынан аман қалды

Арыста екі жұмысшы өлім аузынан аман қалды

Жағдай полицейдің бейнежетонына түсірілді.

Тәртіп сақшылары құдық ішіне құлаған жұмысшыларды тартып шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Түркістан облысы Арыс қаласында кәріз құбырын тазалау үшін құдыққа түскен қызметкерлер қайта шыға алмай қалған. Бұл туралы полицияға сол маңда тұратын әйел хабарлады.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралуынша, екі ер адам тереңдігі 4 метрлік кәріз құдығына түскен кезде беліндегі жіп үзіліп кеткен. Бірі құдықтың беткі жағында ілініп қалса, екіншісі құдық табанына құлаған.

Арыс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, көмекке шақырады. Әйелдің айтуынша, Ақынбеков көшесі бойындағы канализацияны тазалауға құдыққа түскен қызметкерлер шыға алмай, өміріне қауіп төнген. Хабарламаны алысымен сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен оның әріптесі Асанхан Сыздықов екеуі шұғыл әрекет етіп, 2-3 минут ішінде жеті көше арыдағы оқиға орнына жетеді.

Учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Жақсылық пен Асанхан Сыздықов шұғыл түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барған кезде ол жерде бір топ адам көмектесу мақсатында жиналғанын көрген. Ал құдық ішіндегі жұмысшылар кәріздегі иістен уланып қалған. Тәртіп сақшылары құдық ішіне құлаған адамды жіппен тарту арқылы шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жансақтау бөліміне жатқызылған жұмысшылардың қазіргі жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.

"Жұмыс барысында осындай жағдай болып қалды. Қиын сәтте дер кезінде келіп, көмек қолын созған полицейлерге алғысым шексіз. Жұмыстары алға бассын!", - деді ойда жоқта өліммен бетпе-бет келген Махамбет Рүстемұлы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.