{metadescription}
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

Парламент адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері туралы заңды биыл сәуір айында қабылдады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске адвокаттық қызмет туралы заңның Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсірді.

"Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - делінген ведомство сайтында.

Парламент заңды 2021 жылы 8 сәуірде қабылдаған болатын. Конституциялық кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды. Онда аталған өтініш мәні бойынша қаралады.

Конституциялық кеңес регламентінің 5-2-тармағына сәйкес, осы мәселелерге маманданған азаматтар, құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар Конституциялық кеңеске өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электронды поштасына жолдай алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.