{metadescription}
Шымкентте қой бағып жүрген адам граната тауып алды

Шымкентте қой бағып жүрген адам граната тауып алды

Шымкенттік полицейлер ауылда табылған бомбаны залалсыздандырды.

2021 жылдың 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. Кейін болған жағдайды Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлады.

Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ-ның полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшыларымен қара түсті граната анықталып, қоршауға алынып, залалсыздандырылды.

Шымкент қаласының ПД жарылғыш затты тапқан кезде одан алыстап, ықтимал қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауға кеңес береді.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде