{metadescription}
Риддердегі өрт толықтай сөндірілді

Риддердегі өрт толықтай сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мамыр сағат 14.30-дағы жағдай бойынша, жалпы ауданы 272,4 гектарды шарпыған дала өрті өшірілді.

«Қызыл жалын осыдан екі күн бұрын сағат 13.55-те Риддер орман шаруашылығында шыққан болатын. Екпіні секундына 20 метрге дейін жеткен желдің салдарынан өртті сөндіру қиынға соқты. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 493 адам, 69 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамырда Шығыс Қазақстандағы Риддер орман шаруашылығында алапат өрт шықты. Өрттен 1 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде