{metadescription}
СҚО-да екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды

СҚО-да екі айлық сәби белгісіз жағдайда көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда сәби анасы емізгеннен кейін көп ұзамай көз жұмды.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні Бәйтерек ауылында болды. Қызылжар ауданының полиция бөліміне ауылда 2021 жылы 30 наурызда туған емшектегі сәби қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

"Тәртіп сақшылары сәбиді қарау кезінде ешқандай дене жарақатын көрмеген. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді полиция департаментінде.

Сараптамада "Емшектегі сәбидің кенеттен болған өлімі" деп қорытынды шығарды. 25 жастағы келіншектің айтуынша, ол таңғы бестер шамасында оянып, баласын емізген. Кейін сәбиін ұйықтатып, өзі де ұйқыға жатқан.

Сағат 7.30-да тұрған кезде сәбиінің тыныс алмай жатқанын көрген. Туысқандары бірден фельдшер шақырады, дәрігер нәрестенің өлімін тіркеді. Қазір осы дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, іс жан-жақты қаралып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде