{metadescription}
Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде