{metadescription}
ШҚО-да жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

ШҚО-да жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 мамырда «102» жедел арнасына қоңырау шалған әйел 2004 жылғы ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары 11 мамыр күні үйден сыртқа шығып сол күйі оралмаған Юрий Богомоловты іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Сондай-ақ, іздестіруге құтқарушылар мен волонтерлер де тартылған.

«Көп ұзамай жасөспірімнің мәйіті Үлбі өзенінен табылды. Оның денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.