{metadescription}
Ер адам ауылдасымен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

Ер адам ауылдасымен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көршілерінің бірімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберді.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ: сол күні үй иесі жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген екен.

Ол полицейлерге жуырда таныс адамымен жанжалдасып, оның қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де үйдің қасақана өртелгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны және ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталған 42 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бары расталды. Аталған факті «Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Ұстау кезінде күдікті мас болған. Ішімдікті шамадан тыс ішу көбіне адамдарды заң бұзуға итермелейді. Күдіктінің айтуынша, аулада тұрған дивандағы жамылғыны өртемек болған, сол үшін оттықты пайдаланған. Аталған факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде