{metadescription}
Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

Еңбек министрлігі декреттік жәрдемақыны рәсімдеуге қатысты жаңа мәлімет таратты

Декретке шығуды жоспарлап отырған әйелдер енді халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып құжат өткізбесе де болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосылды. Осылайша жүктілігіне байланысты демалысқа шығатын әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығында құжат тапсырмайды.

"Осы жылдың мамырынан бастап электрондық еңбек биржасында Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады", - делінген ақпаратта.

Ол үшін жұмыс беруші жұмыскердің демалысқа шығу фактісін электрондық еңбек биржа порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет. Деректер еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі. Оған үш күн ішінде жауап беру қажет.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде