Алматы полицейлері тұрғындарға үндеу жасады
Алматы полициясы алаяқтарға алданып қалмас үшін қаржы сауатын арттыру керектігін айтты.
15:41 13.05.2021
«Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды және күн сайын жаңа көріністерге ие болады. Алаяқтық – мүліктік қылмыстардың кең тараған түрі. Оның ішіндегі ең өзектісі – несие саласындағы алаяқтық. Біз несие берудің қолайлы шарттары мен тез өңдеу мерзімі туралы уәде беретін делдалдармен байланыс жасамауды ұсынамыз. Әдетте мұндай адамдар - сіздің сенгіштігіңізді, қаржылық технологиялар мен құқықтық мәселелер саласындағы нашар біліміңізді пайдаланып, қылмыс арқылы баюға ұмтылатын әлеуетті алаяқтар», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Оның айтуынша, жеңіл ақша табуды көздегендер – жақсы психологтар, олар азаматтардың сеніміне тез және оңай кіреді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары