{metadescription}
Химия зауыты өртенді

Химия зауыты өртенді

Парижден солтүстік-батысқа қарай орналасқан Безон коммунасындағы химия зауытында өрт шықты.

Билік қоршаған ортаның ластануына алаңдаулы. Өрт тұтанған Protec Industrie компаниясының зауыты металдарды өңдеуге маманданған. Оның кәсіпорында адамға зиян заттардың бар екенін білдіретін Seveso еуропалық жіктемесі бар.

«Топырақ пен өзендегі судың ластану қаупі бар», - деді коммуна мэрінің орынбасары Николя Барнье.

Сена өзенінің жағасында орналасқан нысан үстінен қара түтін будақтап шығып жатыр, алайда жалын шарпыған аумақ көлемі анықталмаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде. Барньенің айтуынша, билік кәсіпорын қызметкерлері мен жақын жердегі аудандар тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Әзірге оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде