{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 млн доллар береді

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 млн доллар береді

АҚШ-тағы Огайо штатының билігі коронавирусқа қарсы вакцина алушылар арасында лоторея ойнатылмақ.

"Штаттың бес тұрғыны миллионер атана алады. Екі аптадан кейін, 26 мамырда біз вакцинаның кем дегенде алғашқы дозасын алған ересектерге арналған жеке лотереяның жеңімпазын жариялаймыз. Жеңімпаз бес аптаның ішінде сәрсенбіде белгілі болады, ал әр сәрсенбіде жеңімпазға миллион доллар беріледі", - деп хабарланған.

АҚШ-та пандемия басталғаннан бері 33 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырған және 590 000 американдық коронавирустан көз жұмған. Жақында билік 100 миллионнан артық адам вакцинаның екі компанентін алғанын мәлімдеді. Бұған дейін президент Джо Байден 4 шілдеге дейін ересектердің 70% -ына вакцинаның кем дегенде бір дозасын егуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде