{metadescription}
Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды

Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды

Шымкенттік үйлердің бірінде қорқынышты оқиға орын алды.

5 мамыр күні сағат 12:50-де Шымкенттің полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қаладағы үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шымкент полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы мұқият тексеру жүргізді. Жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйде жалғыз тұрған. Ит асыраған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қайтыс болғаннан бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында ер адамның қайтыс болу себебін анықтауға бағытталған бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде