{metadescription}
Қостанайда әйел құрбысының көңілдесін өлтірген

Қостанайда әйел құрбысының көңілдесін өлтірген

Әйел полицияға келесі күні келмек болғанын айтқан.

Алайда ол бұл ойын жүзеге асырмай тұрып ұсталды. Қостанай облысында екі күнге жалғасқан отырыс кісі өлімімен аяқталды. Әйел құрбысының көңілдесін пышақтап тастаған. Қостанай қаласы полиция басқармасына пәтерде ер адамның көз жұмғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бұл мас күйде тұрмыстық жанжал кезінде жасалған кісі өлтіру екенін анықтады. 

Тергеу барысында жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтады. Олардың сөзінше, көлік жөндеу станциясында жұмыс істейтін ауыл тұрғыны жалақысын алып, Қостанайға көңіл көтеріп, демалуға келген. Әйелі мен бала-шағасы ауылда қалған. Қалаға келіп екі досымен кездескен. Сондай-ақ оның қалада көңілдесі болған, деп жазады polisia.kz. Көңілдесінің құрбысын да шақырып, бесеуі екі күн бойы жалдамалы пəтерде көңіл көтерген.

"Отырыс кезінде ер адам мен оның көңілдесі арасында жанжал туындаған. Құрбысының көз жасын көріп шыдай алмаған əйел ер адамды "жазаламақ болған". Қолына ас үй пышағын алып, жәбірленуші жатқан жатын бөлмеге барған. Арқасына жасалған соққыдан ер адам көз жұмды", – деді полиция.

Қылмыс жасалған сәтте ер адамның екі досы балконда темекі тартып тұрған. Олар екі әйелдің үйден қалай кетіп қалғанын да көрмеген. Залда ішімдік ішіп отырған кезде жатын бөлмедегі мәйітті де байқамаған. Кісі өлімі туралы полицияға пәтері иесі хабарлаған.

Ал әйел полицияға келесі күні кінәсін мойындап, өзін ретке келтіріп болған соң келмек болғанын айтты. Алайда ол бұл ойын жүзеге асырмай тұрып ұсталды. Ал оның құрбысы істе куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде